13 млрд теңге. Браконьерлік тыйылар емес

Елімізде экологиялық қылмыстың саны азаймай тұр.

Жыл басынан бері 300 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Браконьерлер балық аулап, аңшылық жасап қана қоймай, жер қойнауын өндірумен де заңсыз айналысқан.

Олардың мемлекетке келтірген шығыны 13 миллиард теңгеден асады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілдері хабарлады. Мамандардың сөзінше қазір браконьерлер бүкіл экожүйеге кері әсерін тигізіп отыр. Сондықтан министрлік арнайы жедел профилактикалық іс-шараны жүйелі түрде өткізіп тұруды қолға алған.

Әлішер Жармағамбетов, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы:

- Биыл 20 қазан мен 19 қараша аралығында ҚР ІІМ өткізіп жатқан «браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы. Осы іс-шара басталғаннан бері 61 қылмыстық құқық бұзушылық, 2000 астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сонымен қатар аң аулау кезінде кейбір аңшыларымыз қағидаларды бұзу және қаруды қауіпсіз қолдану шараларын бұзғандықтан өзін-өзі ату және қасында жүрген адамдарды ату фактілері орын алды.