Өзбек мамандары Түркістандағы табысы төмен әйелдерді тігін ісіне үйретпек

Өзбекстандық мамандар Түркістандағы табысы төмен және мүмкіндігі шектеулі әйелдерді тігін ісіне үйретпек.

Бұлар жақында осы қалада ашылған тігін фабрикасында жұмыс істейтін қыз-келіншектер. Бүгінде өндіріс ошағы 1 мың адамды жаңа жұмыс орынымен қамтып отыр. Мұнда ерлер костюмы мен арнайы киім тігіледі. Бас-аяғы ай сайын 100-ден астам бұйым шығару жоспарда бар. Импортты алмастыру үшін дайын өнім ішкі нарыққа жіберілмек. Жуырда дәл осындай кәсіпорын Ташкент облысында да іске қосылды. Мұнда да қазақстандық тігіншілерді оқыту көзделген. Әрі бұл жерде жартылай фабрикаттар дайындалып, кейін олар Түркістанда толық тігілмек.

Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі:

- Бұл Түркістанда желтоқсан айында ашылған тігін фабрикамен байланысты. Екеуі бір жоба. Түркістанда 1 мың жұмыс орыны ашылған болатын. Бірақ бізге үйрену керек қой. Тігін шаруашылығы оңай шаруа емес. Оған 4-6 ай үйренеді адамдар. Соны үйрету үшін Шыназдағы фабрика ашылды.