Еуразиядағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтуда Қазақстан мен Иранның ролі зор

Бүкіл Еуразия аумағында азық-түлік және өндірістік қауіпсіздікті қамтуда Иран мен Қазақстанның ролі зор.

Қазіргі геосаяси ахуал үлкен мүмкіндіктер ашып отыр. Яғни екі ел энергоресурстарды, құрылыс материалдарын, азық-түлік пен өзге тауарларды бір-біріне ғана экспорттап немесе импорттап қоймай, Еуропа, Азия және Африка елдеріне шығара алады. Биыл бірінші тоқсанның өзінде екі ел арасындағы тауар айналымы 200 миллион долларға жуықтады. Төрт айда Өзен -Горган темір жол желісі арқылы 500 мың тоннадай жүк тасымалданған. Бұған қоса Каспий теңізі арқылы 589 мың тонна тауар жеткізілді. Яғни алыс-беріс пен барыс-келіс жылдан жылға артып келеді. Тағы ұлғайтуға екі елдің де әлеуеті жетеді.