Елордада жаңа экономикалық саясат жобасы пысықталып жатыр

Оның негізгі бағыттары экономиканы жаңғырту, мемлекеттік басқаруды реформалау және адами капиталды кешенді дамыту. Бұл туралы Әлихан Смайылов Сэр Сума Чакрабартимен кездесу кезінде айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Үкіметтің іс-шараларын талқылады. Өз кезегінде Сэр Чакрабарти Үкіметтің жаңа бағдарламасы қазіргі экономикалық және әлеуметтік сын-қатерлерге пәрменді жауап болатынына сенім білдірді. Сондай-ақ кездесу барысында тараптар жаңа инвестициялық жобаларды қаржыландыру,  елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.