Азия даму банкінің Қазақстандағы жобаларды қаржыландыруы талқыланды

Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президенті Масатсугу Асакавамен кездесті.

Әңгіме барысында Азия даму банкінің Қазақстандағы жобаларды қаржыландыру мәселелері талқыланды. Президент елдің экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін банк басшылығына алғыс айтты. Ал Масатсугу Асакава Президентке қаржы институтының 2023-2027 жылдарға арналған Қазақстанмен серіктестік стратегиясы жөнінде мәлімет берді.