Еліміздің қаржы секторындағы цифрлық трансформацияда Citigroup басшысының еңбегі зор

Бұл туралы мемлекет басшысы компанияның Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша бас атқарушы директоры Дэвид Ливингстонды қабылдау кезінде мәлімдеді.

Кездесу барысында халықаралық қаржы институтының еліміздегі қызметінің әлеуеті талқыланды. Айта кеткен жөн, былтыр Ситибанк Астана халықаралық биржасының Құнды қағаздар орталық депозитарийіне мүше болды. Бұл халықаралық институттық инвесторларға өз активтерін осы депозитарийде сақтауға мүмкіндік береді.