Республика 2050. Тарихтан тағылым – өткенге тағзым

Бұл халықаралық форум елімізде 5-рет ұйымдастырылып отыр. Шара биыл Батыс Қазақстан өңірінде өтті.

Қатысушылар форумды бастамас бұрын Орал қаласындағы «Қазақ халқына мың алғыс!» монументіне гүл шоқтарын қойды. Жиналғандар бір сәт қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, сонау қиын кезеңде жатсынбай бауырына басқан жандарға алғыстарын жеткізді. Бір шаңырақ астына ұйысқан ұлт пен ұлыстың қазақ халқына деген ықыласы бөлек. Толығырақ бағдарлама барысында тарқатамыз.