Грузия үкіметі баламалы қуат көзін дамытуды қолға алды - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Грузия үкіметі баламалы қуат көзін дамытуды қолға алды

  • 121
Грузия үкіметі баламалы қуат көзін дамытуды қолға алды

Энергетика министрлігінің өкілдері Астанада өткен ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысқаннан кейін Грузия бұл бағытта белсенді жұмыс атқарып жатыр.

Дәл осы ЭКСПО-дан соң билік энергосектор саласын дамытуға инвестиция тарту жөнінде жоспар құра бастады. Сарапшылар Грузияның әлеуеті зор деп сендіруде. Өйткені күнгейлі елде күн мен жел энергиясын игеру оңай.

Леван Павленишвили, баламалы қуат көзі жөніндегі сарапшы:

- Баламалы қуат көзі мәселесінде инвестицияның рөлі зор. Бұл – жел энергиясы. Сонымен қатар жылдан-жылға қолжетімді болып келе жатқан күн энергиясын өндіру бағытындағы жекелеген бастамалар да маңызды. Дамыған елдерде, мысалы, Қазақстанда осы саланы қолдайтын көптеген жобалар жұмыс істейді. Бұл да біздің елге оң әсерін тигізіп отыр.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде