USD 344,58

EUR 401,20

РУБ 5.50

Венесуэладағы клубтардың бірінде жарылыс болды

  • 96
Венесуэладағы клубтардың бірінде жарылыс болды

Венесуэла астанасы Каракастағы түнгі клубтың бірінде көзді жасаурататын граната жарылып, 21 адам қаза тапты.

Оқиға студенттік кеш өтіп жатқан кезде болды. Клубқа келген екі жігіт сөзге келіп, олардың бірі граната лақтырған. Сол сәтте ғимарат ішінде адамдар газға тұншығып, тапталып қалған. Оқиға орынына жеткен полицейлер гранатаны жарған күдікті мен тағы 6 адамды ұстады. Олардың екеуі кәмелетке толмаған. Мекеме иесі де тұтқынға алынды. Қайғылы оқиға кезінде клубта 500-дей адам болған.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде