АҚШ-та нөсер жауын алапат тасқынға ұласты
Ал АҚШ-тың Юта штатында тоқтаусыз құйған нөсер соңы 1 сағат ішінде алапат тасқынға ұласты.
Табиғи апатқа байланысты қала мэрі төтенше жағдай жариялауға мәжбүр болды. Сондай-ақ құзырлы органдар тасқын әлі толастамайтынын ескертті. Билік зардап шеккен тұрғындарға әкімшілік тарапынан көмек көрсетуге уәде беріп жатыр.