Түркиядағы орман өртін террористер ұйымдастырған ба?

Түркиядағы орман өртіне қатысты жауапкершілікті аймақтағы «Күрдістан жұмыс партиясының» террорлық деп танылған ұйымы өз мойнына алды, деп хабарлайды Хабар 24.

Ақпаратты Иени Сафак басылымы жариялады. Айтуынша, террорлық ұйым өкілдері бұл туралы әлеуметтік желіде жариялаған. Өздерінің бұл әрекетін жергілікті билікке қарсы жасалған іс деп мәлімдеді. Қазір өртке байланысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Естеріңізге салайық, жуырда тәртіп сақшылары Манавгат қаласында өртке қатысы бар деп танылған күдіктіні қолға түсірген болатын. Алайда оның террорлық ұйыммен байланысы бар жоғы әлі анықталған жоқ. 

Айта кетейік, өткен айдың соңында басталған тілсіз жаудан 8 адам мерт болып, 400-ден астам тұрғын жарақат алды. Жалын орманды жерде орналасқан ондаған баспананы күлге айналдырды.