Сирияда лаңкестік ұйымның басшысы ұсталды

Ирак Түркия барлау қызметінің көмегімен «Ислам және Левант лаңкестік ұйымы» басшыларының бірін ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, қолға түскен осы ұйымның негізін қалаған Абу Бакр әл-Бағдадидің орынбасары Ирактың Сами Джасим есімді азамат. Операцияның өзі Сирияның солтүстік-батысында жүргізілген. Ал ресми дерекке сүйенсек, Сами Джасим лаңкестік топтың террорлық әрекеттеріне қаржы бөлумен айналысқан.

Бұдан бөлек, содырлардың Ирактың Мосул аймағында мұнай, газ және ескі жәдігерлерді заңсыз сатуын бақылаған.

Айта кетейік, «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» Мосулды 2014 жылы басып алып, аймақ лаңкестерден тек 2017 жылы азат етілген.