Италияда әлемдегі ең сирек шоколад 103 мың еуроға сатылды

Италияда әлемдегі ең сирек шоколад 103 мың еуроға сатылды

Италиядағы аукционда ақ трюфель 103 мың еуроға сатылды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Әлемдегі ең сирек және ең қымбат шоколадтың салмағы – 830 грамм. Оны Гонконгтағы мейрамхананың шеф-аспазы сатып алған. Бәссауда Италияның солтүстігінде 8-ғасырда салынған қамалда өткен. Аукционға бейнебайланыс арқылы Гонконгтан басқа, Сингапур, Дубай және Мәскеуден үміткерлер қатысқан. Айта кетейік, ақ трю-фель саңырау құлағы Италияның солтүстік-батысындағы Пьемонт орманында табиғи жағдайда өсіп, жетіледі. Альба қаласында жыл сайын күздің аяғында, ақ трюфельдер жәрмеңкесі өтеді. Оған 100 мыңнан астам адам қатысады.