Перуде төтенше жағдай енгізілді

Перуде төтенше жағдай енгізілді

Перу басшылығы қаңтар айының ортасында мұнай төгілуінен зардап шеккен Лиманың солтүстігіндегі аудандарда төтенше экологиялық жағдай деп жариялады. Бұл туралы сенбіде Перу қоршаған ортаны қорғау министрлігі хабарлады.

«Үкімет өткен демалыс күндері мұнай төгілгеннен кейін бүлінген жағалаудағы теңіз аймағын қамтитын аудандарда 90 жұмыс күні ішінде экология саласындағы төтенше жағдай жариялады», делінген ведомство хабарламасында.

Мұнайдың төгілуі 15 Қаңтарда Лиманың солтүстігінде орналасқан Вентаниль аймағында танкерді түсіру кезінде болды. Мұхитқа шамамен 6 мың баррель мұнай төгілді. Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәліметінше, 18 мың шаршы метр жағажай ластанған.

Перу прокуратурасы қоршаған ортаға зиян келтіру туралы тергеуді бастады.

Билік Испанияның Repsol мұнай-газ компаниясынан мұнайдың төгілуінен келтірілген залалды өтеуді талап етті.

Repsol компаниясы мұнайдың төгілуіне Тонга жанартауының атқылауынан болған жоғары толқындардың әсер еткендігін айтты.