Перуде құны 3 миллион доллар болатын кокаин тәркіленді

Перуде құны 3 миллион доллар болатын кокаин тәркіленді

Перу полициясы 800 келі кокаин есірткісін қолға түсірді.

Заңсыз жүк Уачо қаласында жеміс-жидек тиеген жүк көлігінің ішінен шықты. Қылмыскерлер оны апельсиннің арасына жасырып алып өтпек болған. Көліктегі екі адам тұтқындалды. Полиция кокаинның қара нарықтағы құны 3 миллион доллар болады дейді.

Дэни Родригес, Перу полициясының есірткімен күрес бөлімі директоры:

- Бұл жүк Орталық Америка елдері арқылы Мексика мен АҚШ-қа жеткізілмек болған деп ойлаймыз. Еуропа нарығында кокаинның әр келісі 35 мың доллар тұратынын ескерсек, қазіргі жүктің құны 3 миллион долларға жуықтайды.