Таиландта үш мыңнан аса адам бостандыққа жіберілді

Таиландта үш мыңнан аса адам бостандыққа жіберілді

Таиландта марихуананы пайдаланумен сотталған 3 мыңнан аса адам түрмеден босатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Рақымшылыққа биліктің марихуананы есірткі заттары қатарынан алып тастауы себеп болды. Жаңа заңға сай енді бұл елде марихуананы өсіріп, тағамдар мен сусындар да пайдалануға рұқсат етіледі. Бірақ оны темекі түрінде шегуге тыйым әлі сақталады.

Айта кетейік, Таиландта 2018 жылы марихуананы медициналық мақсатта қолдануға рұқсат берілген.