Мароккода оазистер құрып бара жатыр

Мароккода оазистер құрып бара жатыр

Пальмалардың көбі қурап кеткен, су тапшылығынан топырақ жарылуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

20 мыңнан аса адам өзге өңірлерге көшуге мәжбүр. Қалған тұрғындар туризмнен табыс көріп жүр. Мароккодағы оазистер ел ауданының 15 процентін алып жатыр. Топырағы құнарлы болған жасыл алқаптарда бадам, зәйтүн, қына және құрма өсіріліп, өзге елдерге экспорттайтын. Сарапшылар оазистердің қурауы климаттың өзгеруімен байланысты дейді.

Мустафа Лаиссат, Рабат жасыл алқаптар қауымдастығының президенті:

– Бүгінде климат өзгеруінің Скура оазисына қатты әсер еткенін байқап отырмыз, өйткені су тапшылығы кесірінен өңірдегі ағаштар саны азайды. Ал жемістерінің көбісі Марокконың солтүстігі мен көрші елдерге жеткізілетін.