Еуропа қымбат электр энергиясынан қиналды

Еуропа қымбат электр энергиясынан қиналды

Еуропада электр энергиясының бағасы қымбаттап, рекорд жаңартты.

Мәселен, Германияда қазір бір мегаватт 840 еуро тұрады. Бұл туралы CNN агенттігі хабарлады. Бағаның өсуіне ресейлік "Газпром" компаниясының "Солтүстік ағын-1" құбырын жөндеу үшін 3 күнге жабу туралы шешімі әсер еткен. Сондай-ақ Францияда электр қуатына арналған фьючерстердің құны 1 мың еуроға көтерілді. Осыған байланысты елде атом секторының жұмысында кедергі туындады. "Кәрі құрлықта" инфляция деңгейі 9 пайызға артып, тұрғындар мен бизнес нысандарын қыспаққа алды.