Латвияда ресейшіл партия парламентке өтпеді

Латвияда ресейшіл партия парламентке өтпеді

Латвия халқы да парламент депутаттарын таңдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда оның қорытындысы көпке тосынсый болды. Неге десеңіз, соңғы жылдары үнемі жеңіске жетіп жүрген «Келісім» партиясы бұл жолы 5 пайыздық межеден аса алмай қалды. Сөйтіп Сеймге, яғни парламентке өте алмады. Оның себебі аталған партияның ресейшіл болуымен байланысты. Жалпы Латвиядағы сайлау Еуропадағы энергетикалық дағдарыс пен Украинадағы қарулы қақтығыс өршіп тұрған кезде өткендіктен, кейбір партиялар өз бағдарламасында ұлттық қауіпсіздікті күшейтіп, Батысқа бетбұрыс жасау деген мәселелерді көтерген болатын. Сондықтан ресми Киевті қолдап, Ресейдің оқшаулануын жақтайтын «Жаңа Бірлік» партиясы жеңіске жетті. Оған сайлаушылардың 19 пайызы дауыс берді.

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ САЙЛАУ

Босния және Герцеговинада жалпыұлттық сайлау өтті. Ел азаматтары парламенттің 518 депутатына дауыс берді. Бірақ оның қорытындысына көптің көңілі толмайтын секілді. Жұрт сайлаудан ештеңе өзгермейді дегенді алға тартады.

Дауыс бердім. Бұл менің борышым. Бірақ ешқандай өзгеріс жоқ. Жай ғана ротация.

Кез келген өзгеріс жақсылықтың бастамасы

Бәрі бұрынғыдай. Бәрі сол адамдар. Футболдағы секілді тек жейделерін ғана ауыстырған.