Таиландта кеме апатынан 6 адам қаза тапты

Таиландта кеме апатынан 6 адам қаза тапты

Таиландта Әскери-теңіз күштерінің кемесі суға батып, 6 адам қаза тапты.

Тағы 23 адам хабар-ошарсыз кетті. Қатты дауыл салдарынан кеме Сиам шығанағында суға батқан. Жергілікті биліктің хабарлауынша, экипаждың 76 мүшесі аман қалды. Іздестіру-құтқару жұмыстары әуе және теңіз арқылы жалғасуда. Төрт әскери кеме мен тікұшақ тәулік бойы жоғалған жандарды іздестіруде.