Испания қуаңшылықпен күресті күшейтпек

Испания қуаңшылықпен күресті күшейтпек

Испания құрғақшылық салдарымен күресу үшін 2 миллиардтан астам еуро бөледі.

Үкімет табиғи апаттардың зардабын еңсеруге бағытталған арнайы жоспарды бекітті. Ақша суды жеткізудің жаңа жүйесін құруға жұмсалмақ. Бұдан басқа, билік қалалық жердегі суды қайта пайдалану көлемін қазіргі 10 пайыздан 20 пайызға арттыруға ниетті. Соңғы жылдары жауын-шашын болмай, ыстық ауа райына байланысты су қоймалары құрғай бастады. Бұдан шаруалар қатты зардап шегіп отыр. Құзырлы органдар жер емген еңбеккерлерге 800 миллион еуро көмек көрсетуге уәде берді.