Францияда бозбала полицияның қолынан жазым болды

Францияның Нантер қаласында полиция бозбалаға оқ атып, жазым етті. 

Оған - рөлде отырған 17 жастағы жігіттің тәртіп сақшыларына бағынбауы себеп болған. Бұған ел дүрлігіп, көшеге шыққан. Тіпті ашулы жұрт әр жерге от қойып, құзырлы органдарға бағынбай жатыр. Тәртіп сақшылары 9 адамды тұтқындады, қақтығыс кезінде тағы бір адам ауыр жарақат алды. Оған да полиция оқ атқан. Ал Францияның Ішкі істер министрі тергеу басталғанын хабарлады.