Елордада ақын Шөмішбай Сариевті еске алу кеші өтті

Елордада ақын Шөмішбай Сариевті еске алу кеші өтті

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариев тірі болса 77 жасқа толар еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Қазағымның жаныменен жыр жаздым...» атты әдеби-музыкалық кешке ақынмен үзеңгілес, қаламдас болған зиялы қауым өкілдері қатысты. Шөмішбай Сариевтің өлеңдері талай әнге арқау болғаны белгілі. Ұлттық академиялық кітапханада орындалған сазды әуен мен отты жырлар қаламгер рухын қайта тірілткендей болды.

Кафка атындағы халықаралық сыйлықтың және «Платиналы Тарлан», «Жыл Адамы – Алтын Адам» сыйлықтарының иегері Шөмішбай Сариев тірі болса, биыл 77 жасқа толар еді.

Жұмагүл Сариева, Ш.Сариевтің жары:  

– Ағаңызбенен 50 жыл өте мәнді, мазмұнды ғұмыр кештік. Шөмішбай ағаларың өзі ерте көрінді әдебиетте. 27 жасында Шерхан Мұртаза ағасы шақырып, поэзия бөлімін басқарды.