Елордада мүгедектігі бар жандар өздері жасаған туындыларын көрмеге қойды, деп хабарлайды 24KZ. Этно стильдегі суреттер мен мүсіндер Ұлттық музейдің сөресінен орын тапты. Қыштан жасалған мүсіндер мен ыдыс-аяқ, Наурызнама деп аталатын суреттер композициясы музей көрермендеріне ерекше көңіл күй сыйлады. Бұл көрме осыдан кейін Қарағандыда өтетін болады. Ғабит Қабдолов, суретші: - Бізде АСТ деген оңалту орталығымыз бар. Онда емделеміз, бір жағы, осындай дүниелер жасаймыз. Мен бүгін көрмеге суреттер салдым. Мен суретіме Наурызнама деп ат қойдым.