USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Синоптиктер: Астанада қыс мезгілінің қарсыз басталуы соңғы жеті жылда болмаған

  • 240
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Синоптиктер: Астанада қыс мезгілінің қарсыз басталуы соңғы жеті жылда болмаған Экспресс К

«Соңғы жеті жылда алғаш рет елордада қыс мезгілі қарсыз басталды. Елордада қашан толассыз қар жауатыны әзірге белгісіз. Алдын ала болжам бойынша осы аптаның соңында қар жауып, жел екпіні күшеюі мүмкін. Жалпы желтоқсан айында күн ашық болады», - деді мамандар.

«Консультативтік болжамына сүйенсек, антициклонның күшеюімен ауа райы жауын шашынсыз, ашық болады. Ауа температурасы түнде 10-20, ал күндіз 2-10 градусқа дейін барады. Салқындаудың 3 толқыны күтілуде. Айдың соңында қар, боран және жел екпіні күшейеді деген болжам бар. Сондай-ақ ағымдағы ай бойы қар жауады», - деді ұзақ мерзімді болжамдар инженер-синоптигі Айгүл Мыңжанова.

Синоптиктердің мәліметінше Астанада қыс мезгілінің қарсыз басталуы соңғы 7 жылда бірінші рет болып тұр. Өткен жылы желтоқсан айының басында елордада қалындығы 10 сантиметр қар жатты.

Айта кетейік, бұған дейін «Қазгидромет» қыс айына арналған консультативті ауа райын жариялады. Синоптиктер еліміздің басым аймағында көпжылдық орташа маңызды температура фонынан 1-2 градусқа төмен болады деген болатын.

Ақпарат көзі: astana.gov.kz

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top