361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар көшелерін су басты

  • 297
Павлодар көшелерін су басты Total.kz

Павлодарда екі сағатқа жуық толассыз жауған нөсерден қала көшелері суға толып кетті.

Жекеменшік секторда тұратын халық жаңбыр суы үй аулаларын басып кеткенін айтып шағымданса, қаланың бір бөлігі жарықсыз қалған. Екінші Павлодар  аталатын шаһардың шеткі бөлігіндегі 7 көше, дәлірек айтсақ, 200-дей үйді су басқан. Коммуналдық қызмет саласы қазір су сору жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр. «Қазгидромет» орталығы ауа райының мұндай тосын құбылысы биыл алғаш рет тіркелгенін айтады. Бұған соңғы аптада  күннің шамадан тыс ыстық болуы себеп болуы мүмкін. Мамандардың айтуынша, ауадағы ылғалдың көп мөлшерінен найзағай ойнап, турбулентті ағым қалыптасады. Ауа райының қолайсыздығы тағы қайталануы мүмкін. Сондықтан мамандар қауіпсіздік шараларын қаперде ұстауға кеңес берді.

Хабар 24 телеарнасы