356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында құрылыс бөлімінің басшысы парамен ұсталды

  • 239

Түркістан облысының Сайрам ауданы әкімдігі Құрылыс бөлімінің басшысы қамауға алынды. Ол жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен 12 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды.

Белгілі болғандай бұл қаржыны ол орта мектептің қосымша корпусының құрылыс жұмыстарына жалпы сомасы 400 млн-нан аса теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасағандығы үшін делдалдар арқылы алып отырған. Күдікті қылмыс үстінде ұсталды. Сондай-ақ делдалдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы