Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингінде позициясын жақсартты
Қазақстан 2020 жылдың қорытындысы бойынша азық-түлік қауіпсіздігі деңгейі бойынша 113 орынның ішінен 32-орынды иеленді, осылайша, 2019 жылмен салыстырғанда өз позициясын 16 тармаққа жақсартты.
Бұл Corteva Agriscience қолдауымен The Economist Intelligence Unit сарапшылары дайындаған Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі индексінен алынған.
The Economist Intelligence Unit деректеріне сәйкес Қазақстан 2020 жылғы рейтингтегі позициясын жақсарту тұрғысынан аса маңызды оң серпіні бар ел болып саналады.
Халық үшін азық-түлік өнімдерінің қолжетімділігі, азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі, азық-түлік өнімдерінің болуы секілді көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалды.
Оң қарқынды қамтамасыз еткен факторлар тізімінде Тhe Economist Intelligence Unit АӨК секторындағы өндірістің тұрақтылығын, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік бағдарламалардың қолжетімділігін, халықтың кедейшілік шегінен төмен үлесін, нарықтың қолжетімділігін және АӨК секторындағы қаржылық қызметтердің қолжетімділігін, нарықтағы ұсыныстың қолжетімділігін, микронутриенттердің қолжетімділігін, протеиндердің сапасын, азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін, азық-түлік өнімдеріне төмен импорттық тарифтердің, өндіріс пен дистрибуция кезіндегі ысыраптардың төмендігін атап көрсетеді.
Сондай-ақ ауыл шаруашылығы инфрақұрылымы, АӨК секторындағы ғылыми зерттеулер сияқты көрсеткіштер бойынша да жақсару байқалды.
Ақпарат көзі: ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі