Ескерту: Терроризмге қарсы күрес жөніндегі астаналық жедел штабы оқу-жаттығу өткізеді
Ағымдағы жылғы 10 маусымда сағат 17.00-ден бастап 22.00-ге дейінгі аралықта Терроризмге қарсы күрес жөніндегі астаналық жедел штабы «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Северный» Жолаушылар тасымалы өңірлік филиалының техникалық жолаушылар паркінің аумағында (Гете көшесі 7) жоспарлы терроризмге қарсы оқу-жаттығуын өткізуді жоспарлап отыр.
Іс-шараның мақсаты жедел штаб күштері мен құралдарының террористік көріністерге шұғыл әрекет ету, терроризм актісінің салдарын жою және азайту бойынша міндеттерді орындауына дайындығын тексеру болып табылады.
Оқу-жаттығуы әртүрлі күрделі элементтерді ескере отырып, барынша әскери жағдайға жақын өткізіледі.
Техникалық жолаушылар паркінің маңайында шектеу шаралары қарастырылған.
Осыған байланысты азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және шараға жұмылдырылған мемлекеттік органдардың қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі астаналық жедел штабы