Алматы облысындағы демалыс орындарында сақтық шаралары тексерілді

Алматы облысындағы демалыс орындарында сақтық шаралары тексерілді

Келесі аптада Алматы облысында шомылу маусымы ашылады.

Соған сәйкес Қапшағайдың демалыс оры ндарындағы қауіпсіздік шаралары тағы бір мәрте тексерілді. Жауаптылар қалалық жағадайдың тазалығын қарап шықты. Кешен басшылығымен кездесіп, демалушылар арасындағы арақашықтықтың сақталуын, жатын орындардың санитарлық талапқа сай алшақ қойылуын қадағалады. Жалпы, биыл өңірге 1.5 млннан аса адам келеді деп жоспарланған. Соның 300 мыңдайы жасанды су қоймасында тынығады. Келушілерге қолайлы жағдай жасалған кешендер «Ашық» жүйесі негізінде қызмет көрсететін болады.

Гүлзана Байтугусова, кешен директоры:

– Пандемия уақытында біз барлық санитарлық талаптарды сақтаймыз. Барлық келген туристердың температурасын өлшейміз. Сондықтан бұл территорияға температурамен кіргізілмейді. Ашық системасында көк және жасыл зонаға кірген адамдар ғана кіргізіледі осы зонаға. Егер адамдар қызыл не сары зонада болса, бұл жердің есігі оларға жабық.