Петропавл халқы қан тапсырып жатыр

Петропавл халқы қан тапсырып жатыр
РИА Новости

Петропавл қаласының тұрғындары шабуыл кезінде жараланған алматылықтарға көмек ретінде қан тапсырып жатыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Қан орталығы демалыс күндері де жұмыс істеді. Донорлардың арасында түрлі сала қызметкерлері, жастар және тұрақты донорлар бар. Бүгін де келушілер көп. Дәрігерлердің айтуынша, қан қоры жеткілікті. Дегенмен, сирек кездесетін топтар керек екен.  Өткен жылы орталықта 8 мың адам қан тапсырған.

Максим Остапенко, қала тұрғыны:

– Мен жалпы жиі қан тапсырып тұрамын. Орталық дәрігерлері хабарласқан соң қолым тиіп бүгін келіп отырмын. Менің қаныма қазір біреу мәжбүр шығар. Кім біледі? Осындай қиын сәтте бір болып, көмек қолын созуға ұмтылайық.