Түркиялық Big-Ser Construction компаниясы сапалы жылыжай ұсынады

Алматыда жылыжай шаруашылығының көрмесі өтіп жатыр. Оған түркиялық Big-Ser Construction компаниясы да қатысуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кәсіпорын заманауи құрал-жабдықпен қатамасыз етілген автоматтандырылған жылыжай кешендерін салумен айналысады. Big-Ser Construction өзінің мол тәжірибесін бөлісуге де дайын.

Big-Ser Construction әлемнің көптеген елдерінде жұмыс істейді. Соның бірі Қазақстан. Компания жылыжайды жобалаудан бастап, құрылысына дейін жүргізеді. Қажетті құрал-жабдықтарды сатады. Бұған қоса несиелендіру мен сараптамаға керек құжаттарды жинауға көмектеседі.

Али Рыза Акынжы, Түркия республикасының Алматыдағы бас консулы:

– Орналасқан жеріне қарай Түркия маңызды агроөнеркәсіптік мемлекет саналады. Түркиялық фирмалар мұнда өз тәжірибесімен бөлісу үшін келді. Қазақстан жері кең, жылыжай бизнесін дамытуға мүмкіндігі мол стратегиялық ел. Біз әріптестікке дайынбыз.

Big-Ser Construction өз қаржысы есебінен Қазақстанға 15 млн доллар инвестиция салған. Соның бір мысалы, Алматы облысы Исаев ауылындағы жылыжай табысты жұмыс ітеп тұр.

Чакир Хусейн, Big-Ser Construction компаниясының бас директоры:

– Бүгінгі таңда құны 35 млн доллар болатын инвестициялық жобаны іске асырудамыз. Біздің жылыжайларымызда жүздеген адам жұмыс істеп жүр. Болашақта олардың санын еселей түсеміз деген жоспарымыз бар.

Анар Гусейнзаде, Әзербайжан республикасы елшілігі Алматыдағы өкілдігінің жетекшісі:

– Бұл көрменің ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер мен өңір үшін маңызы зор. Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы экономикалық байланыс қарқынды дамып келеді. Big-Ser Түркияда орналасқанымен, құрылтайшысы Әзірбайжан азаматы.

Big-Ser Construction жылыжайды көп дегенде 8 айда салады. Құры салып беріп кетпейді. Жергілікті кәсіпкерлерді жылыжайды жүргізуге үйретіп, жұмыс істейтін қажетті мамандарды дайындап береді.

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Кенже Амраев