Жобаға қатысып, ата-әже ерлігін насихаттауға болады

Жобаға қатысып, ата-әже ерлігін насихаттауға болады

Ер есімі – ел есінде! Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай Tengrinews.kz порталы «Победители - Батырларға тағзым» атты жобасын қайта жандандырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бастама шеңберінде Жеңіс ардагерлерінің бейне үндеуі жарияланды. Онда майдангерлер сұм заман көрінісін бейнелеп, сұрапыл шайқасты есіне алып, көз жасқа да ерік берген. Соғысқа қатысқан және тылда еңбек еткен қазақстандықтар туралы тың ақпараттар да жүктеліп жатыр. Егер сіз де ата-әжеңіздің ерлігі жайлы жазғыңыз келсе, онда мына нөмірге мағлұматты жүктесеңіз болады.

Байланыс нөмірі:

WhatsApp +7-70-09-05-1945