Референдум: ел не дейді?

Ата заңға өзгеріс енгізуге бағытталған республикалық референдумға қатысу қаншалықты маңызды? Қазақстандықтар ел болашағы үшін дауыс беруге дайын ба?

БЛИЦ:

- Менің ойымша, әр адам өз ойын білдіру керек. Қазақстанда тұрып жатқандықтан, қазақ азаматы болғандықтан. Сол себепті бару қажет деп ойлаймын.

- Менің ойымша, дәл қазір маңызды. Сондықтан мен өзім міндетті түрде барамын. Өзгерістер қажет.

- Әрине, барамыз. Референдумның болуы жақсы. Сондықтан барамыз. Туыстарымыз, жолдастарымыз бәрі барайын деп отыр.

- Пайдасын тигізеді деп ойлаймын. Оң өзгеріс керек. Қазіргі уақытта керек деп есептеймін. Жастарға, болашаққа өзгеріс жасайды деп сенеміз.

- Халық үшін мұның бәрі маңызды. Әрбір адам, әрбір қазақ азаматы осы заңнамаларға өз үлесін қосып, халықтың мүддесін, өз мүддемізді ойламасақ, кім ойлайды деген ойдамын.