Референдум: 70 мың адам оқудан өтеді

Алдағы референдум бойынша дайындық қарқын алды. Жалпыхалықтық дауыс беру науқаны ойдағыдай болу үшін 70 мыңнан астам маман онлайн және оффлайн форматта арнайы оқудан өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты. Оның сөзіне сүйенсек, оқу процесі бірнеше кезеңнен тұрады. Жиынға қатысушылар карантиндік шаралар туралы да сөз қозғады. Эпидемиологиялық ахуалдың бәсеңдегенімен, сайлау учаскелеріндегі санитарлық қауіпсіздік сақталады.

Нұрлан Әбдіров, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

Еліміздің 14 өңірінде болдық. Сапарлар барысында орталық комиссиялар мүшелері референдум учаскелеріне барды. Олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын, мүгедектігі бар адамдар үшін жағдайлардың жасалуын, комиссиялардың тізімдерді жасау, азаматтарды ақпараттандыру жұмысын, жергілікті деңгейде оқытудың ұйымдастырылуын бақөыладық.