Теңіз кенішінде зардап шеккен бір жұмысшының жағдайы ауыр

Қазір ол облыстық ауруханада жатыр. Жарылыс кезінде қызметкердің шкі құрылысына, бауыры мен бүйрегіне зақым келген.

Омыртқа мен қабырғалары сынған. Екі жұмысшысы қаза болған «Сенімді құрылыс» мекемесінде 12 мердігер, жалпы саны 8 мыңдай адам жұмыс істейді. Кешегі оқиғадан кейін мердігер жұмысын уақытша тоқтатып, қызметкерлерді үйіне жіберді. Мекеме басшылығы қаза болғандар мен зардап шеккендерге барлық көмек көрсетілетінін айтты. Жұмысшылардың отбасына қаржылай жәрдемдесіп, несиелерін өтеп беруге уәде берді.

Гүлмира Батпанова, "SENIMDI KURYLYS" мекемесінің өндірістік қатынастар жөніндегі менеджері:

- Қонақасына ірі қара мал алу үшін 500 мың теңге ақша бөлдік. Ал қалған көмекті өздері бізге хабарын айтады. Біз айттық, барлық жағынан көмек көрсетеміз деп. Материалдық, моральдік жағынан, кредиттерді жабамыз деп. Өздері осы садақалары біткесін хабарын айтамыз деді.