Қазақстанда Нобель орталығы ашылады

Оңтүстік Қазақстан университетінің негізінде климатты зерттейтін Нобель орталығы ашылады. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Нобель фест шарасының ұйымдастырушысы Серік Нөгербек мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, бұл орталық еліміздің барлық жоғары оқу орнымен әріптестік орнататын болады. Сондай-ақ 3 күндік фестиваль аясында маңызды келісімдерге қол қойылды. Мәселен, жақында Қазақстанға әлемнің ең беделді университеттерінің өкілдері келіп, студенттерге дәріс оқиды. Бүгін жастар Нобель сыйлығының иелерімен кездесіп, цифрландыру, адамзат келешегі, қаржы дағдарысы, кристалл заттары бойынша маңызды ақпарат алды.

Серік Нөгербеков Nobel Fest ұйымдастыру комитетінің тең төрағасы:

Яғни бетке ұстар университеттер. Солардың оқытушылары Қазақстанға келіп, білім беруге жас студенттерге. Содан кейін бүгін Нобель сыйлығының лауреаты келген Рае Квон Чунг, ОҚ университеті негізінде Нобель орталығы ашылады. Бұл үлкен жаңалық.

Артём Оганов, Nobel Fest қатысушысы:

Биыл Нобель фестивалі 5-рет ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін шара тек онлайн форматта ғана өткен. Бүгін біз үлкен алаңда кездесіп, ғылымның түрлі саласына қатысты өзекті тақырыптарды талқылауға мүмкіндік алдық. Фестивальға көп студент келді. Олар әлемдік деңгейдегі ғалымдардың жаңа зерттеулері мен идеяларымен танысты.