Елімізде жол құрылысы саласында халықаралық стандарттар қолданыла бастайды

Барлық жоба «Fidic» Халықаралық инженер-консультанттар Федерациясының келісім-шарт талаптарымен жүргізілмек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы құжаттамалық және іскерлік байланысты реттейді. Осы арқылы шетелдік қаржы ұйымдарынан инвестиция тарту, бюджет қаражатын ұтымды пайдалану және жемқорлықтың алдын алу мүмкіндігі пайда болады. Кешелі бері отандық компаниялар негізгі қағидаттарымен танысуды бастап кетті.

Еске сала кеткен жөн, «Fidic» келісім-шарты талаптарын енгізу идеясын биыл президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған болатын.

Ерсұлтан Бақтыбаев, инженер-жолшы:

- FIDIC-тің қазіргі ел президентіміздің айтуы бойынша келесі жылдан бастап бүкіл жергілікті бюджеттен және республикалық бюджеттен бөлінетін жобаларға да енгізу аясында біз қазір зерттеу жұмыстарын жүргізудеміз. FIDIC-ті қалай енгізуге болады. Қалай оны біздің заңдарға сәйкес адаптациялау жұмыстары жүргізілуде.