ШҚО-да тасқын қаупі сейілді

Шығыс Қазақстан облысында тасқын қаупі біршама сейілді.

Бұған қолайлы күн райы ықпал етіп тұр. Облыстық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, қазір өлкедегі жағдайды тұрақты деуге толық негіз бар. Жазық жердегі қар қабаты  өз қалпымен еріп жатыр. Күршім, Ертіс, Бұқтырма сынды су көздеріндегі мұзды жару жұмыстары арқасында ондағы ағыс реттелді. Дегенмен апта сайын тасқын қаупі бар аймақтарды әуеден барлау жұмыстары жалғасуда."Өйткені жағдай тұрақты деп босаңсуға болмайды", - дейді мамандар. Жалпы тасқын жолында 71 елді мекен орналасқан.Су таси қалған жағдайда 1700 адам мен 750-ден астам техника әзір тұр. Инертті материалдар мен жанар жағар май да жеткілікті көрінеді.

Аяулым Кекиева, облыстық ТЖД басқармасының аға инженері:

- Ауа температурасы қазіргі таңда күндіз жылы, түнде әлі  де төмен температура сақталуда.Бұл тасқын жағдайының қалыпты жүруіне бізге өте көп көмек көрсетіп тұр, жалпы қазіргі гидрологиялық жағдай мен су тасқыны жайы қалыпты.