Астанада Ondeu Expo көрмесі ашылды

Қазақстандық өнеркәсіп қызметкерлері шетелде оқуға мүмкіндік алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жұмыскерлерін өзге мемлекетке оқуға жіберген кәсіпорындардың шығынының жартысын мемлекет төлейді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі саланы қолдау мақсатында биыл осындай жаңа механизм енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы машина жасаушылардың кезекті көрмесінде министр Марат Қарабаев мәлімдеді. Оның айтуынша, кәсіпорын қызметкерлері шетелдегі зауыттарға 3 айдан жарты жылға дейін оқуға жіберілмек. Қазір 2024-2027 жылдарға арналған машина жасау бойынша кешенді жоспар әзірленіп жатыр. Бұл мәселе соның аясында талқылануда. Ал Ondeu Expo шарасы Астанадағы халықаралық ЭКСПО көрме орталығыныда өтіп жатыр. Биыл оған  17 елден 250-ден астам экспонент қатысты. Көрме 10-12 мамыр аралығында жұмыс істейді. Сонымен қатар ертең Қазақстан машина жасаушыларының XI Форумы өтеді.

Марат Қарабаев, ҚР Индустария және инфрақұрылымдық даму министрі:

- Жаңа механизмдер тетіктер істеліп жатыр, оныңң ішінде, мысалы, сол өндірушілерді қолдау үшін өзінің кәсіпорындағы жұмысшыларды шетелге жіберген уақытта соның жартысын мемлекет өтеп беретін бір механизм қарастырып жатырмыз. Екінші механизм, мысалы, өзі кәсіпорын жаңа бағытта ақшасын қаражат етсе, сол бағытта ақшасын 1,5 есеп көпке есептеп ертең салық төлегенде. Соны істеп жатырмыз.