Үлкен Алматы айналма жолы ақылы болады

Алматы облысындағы Үлкен Алматы автомобиль жолының құрылысы аяқталды.

Ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру төрт жылға созылды. Жол ақылы болады. Индустрия министрлігінің автомобиль жолдары комитетінің өкілдері облыс халқымен кездесіп, жол жүру бағасы мен ережелерді түсіндірді.

«Алматыға кірмей, кептелісте тұрмай, еркін әрі жылдам жүруге арналған айналма автожол Алматы облысының үш ауданын басып өтеді. Жол ашылғанда күніне 35-40 мың көлік жүйіткиде деген жоспар бар. Ал жол ақысы 2 жүз теңге мен 2 жарым мың теңге аралығында болады»

Жеңіл көліктерге бір реттік кіріп-шығу бағасы 240 теңге, салмағы екі жарым тоннаға дейінгі жеңіл көліктер 414 теңге, салмағы 10 тоннадан жоғары көліктер 1 483 теңге төлейді.

Ринат Естемісов  жүргізуші:

- Тезірек ашылса бізге де жақсы. Халыққа да жақсы болады. Әйтпесе аноу «Алтын ордада» айналып келіп жатырмыз.

Айдар Асқарұлы, жүргізуші:

- Қашан ашылады мына Бакад? Шаршатты ғой жаман жолдар. Одан кейін платный болады дейді ол қалай болады екенін білмеймін. Біз мына жерден кіріп мысалы Қаскелеңге, Алтын Ордаға барамыз алысқа жүріп жатқанымыз жоқ. Сонда бізге анаумен бірге бола ма бағасы?.

Ал Қарасай, Іле, Талғар ауданының тұрғындары үшін жеңілдік қарастырылған. Олар үшін 1 айлық абонемент 1725 теңге болады. Жеңілдікке ие болу үшін көліктер осы аймақтарда тіркелуі тиіс. Есеп бойынша қазіргі таңда мұнда 300 мыңға жуық көлік бар.

Нұрланбек  Өмірбаев, Үлкен Алматы айналмалы автомобиль жолының бөлім басшысы:

- Алыстан айналмай қасынан шығатындай жағдай бола ма дегенге жергілікті органдар қазір тағы да қосымша алты скл Бакадқа шығатын жолдарды қарастырып жатыр. Ол алты көше. Абая, Рысқұлова, Солтүстік айналма жол, Саина көшелері. Сондай көшелерде олар қосымша жоспарда бар. Бүгінгі таңда олар жұмысты бастап кетті. Ол да көптеген жеңілдік береді. Аталған сұрақтар ішінде елді мекендердің осы жолға шығуына да қабілет жасайды деп ойлаймыз.  

Ақылы жолда, ақылды жүйе орнатылған. Бас кеңседе жолға кірген барлық көлік тіркеледі, бейнеге жазылып,  ақпарат мәліметтер базасында сақталады. Керек болса полиция басқармасына жіберіледі. Әр көліктің жол жүру ақысы да есептеліп, белгіленеді. Арнайы терминалға жоқ. Жүргізушілер төлдемді  мобильдік қосымша арқылы алдын ала немесе кейін төлей алады. Егер, жол ақысы дер кезінде берілмесе әкімшілік айыппұл жазылды. Жалпы ұзындығы 66 шақырымдық жолмен  сағатына 120 км жылдамдықпен жүруге болады.

Авторлары: Алмас Садуақас, Аят Дүйсембаев