Астанада дәстүрлі неміс мәдениетінің фестивалі өтті

«Біз біргеміз»! Осындай атаумен Астанада дәстүрлі неміс мәдениетінің фестивалі өтті.

2 күнге созылған шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінде тұратын неміс ұлтының өкілдері қатысты.

Елімізде тұратын немістерінің игі дәстүріне айналған фестиваль осымен 11-ші рет өтті. Әр төрт жылда бір рет өткізілетін шараға республиканың түкпір-түкпірінен келген 300-ге жуық адам қатысты. Этноауыл салынып, ерекше көрме ұйымдастырылды. Қонақтар неміс ұлтының салт-дәстүрімен етене танысты.

Айжан Тұяқбаева, "Возрождение" қазақстандық немістер

бірлестігі қоғамдық қорының үйлестірушісі:

- Біз осындай фестивальдарды жиі өткізуге тырысамыз. Өйткені, біз немістердің мәдениетін Қазақстандағы барлық немістерге көрсетуге, Қазақстанда тұратын басқа халықтарға да көрсетуге тырысамыз. Осы фестивальдың атау біз біргеміз дегенді білдіреді. Біз Қазақстанда бәріміз бірге, тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз.

Қазақстан мен Германия арасында берік ынтымақтастықтың негізі қаланды. Түрлі салаларда байланыс нығайып келеді. Ал, еліміздегі неміс диаспорасы екі ел мәдниетінің алтын көпірі іспеттес.

Альберт Рау, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары:

- Қазір Қазақстанда 226 мың неміс азаматы тұрады. Біздің "Возрождение" қоғамдық қорының негізі қаланғанына 33 жыл толды. Әр облыста қоғамдық бірлестік бар. Фестиваль жайлы айтатын болсақ, ол біз үшін есеп беру кеші десек болады. Себебі, біз әрдайым немістің ұлттық бірегейлігін, тілін, мәдениетін сақтап оны жастарға үйрету үшін жұмыс істеп келеміз.

Дәстүрлі фестиваль алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, келесі жиын Алматы қаласында өтеді.

Адина Хамар, тілші:

- Қазақстан мен Германияны бөліп тұрған мыңдаған шақырым екі халықтың достық қарым-қатынасына еш кедергі келтірмейді. Оған дәлел бүгінгі неміс мәдениетінің республикалық фестивалі. Өйткені, бұл шара неміс халқының ұлттық болмысын танытатын бірегей мүмкіндік.

Авторлары: Адина Хамар, Наурызбай Құрманғазы