«Ауыл аманаты»: Өнімдер нарыққа шығарылады

Ақтөбе облысының Темір ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасына  қатысушылар өнімдерін саудаға шығаруға дайындап жатыр.

Әсіресе құс және көкөніс өсірушілер таяу күндері тауарларын жергілікті дүкендерге тапсырады. Ал әзірге шағын дәмханаларға жеткізіп жүр. Жалпы бағдарлама іске асқалы бері ауданда 12 мыңнан астам тауық, қаз-үйрек және бөдене өсіріліп, 6 мың келіге жуық құс еті өндірілген. Жүздеген тонна көкөніс алынды.

Максим Черков, Жақсымай ауылының тұрғыны:

- Қазір қияр бар, сосын салатный листья бар. Салатный листьядан 2 түрі бар. Сатам, өтеді. Клиенттерім бар. Кафе, ресторандар алады.