Атырау облысында колледж студенттері күзгі жиын-терінге атсалысып жатыр

Атырау облысындағы ауылшаруашылығы мамандарын дайындайтын көпбейінді колледж студенттері күзгі жиын-терінге атсалысып жатыр.

Бұл дуалды оқытудың жемісі. Жастар жыл бойы алған теориялық білімін практикада шыңдайды. Егіншіліктің қыр-сырына қанығады. Қосымша табыс табады.

Арыстанбек Кенже, тілші:

Аталған  оқу орнында дуальді оқыту жүйесі 3 жылдан бері жақсы тәжірибеге енгізіліп келе жатыр. Бұл арада бала жұмыстарымен танысады. Өздерінің колледжіде алған білімдерін практикамен сабақтастырады. Бастысы еңбекақы алады, сондай-ақ, тәжірибелерін әрі қарай жалғастырады.

Бұл топта агроном, ветеринар мен фермер секілді 6 түрлі мамандықтың өкілі бар. Екінші курс студенті Дарина Горшкованың болашақ мамандығы механизатор. Қазір құрбыларымен бірге егіс алқабында пияз жинап жүр. Бұл шаруашылыққа студенттер көктемде де келіп көмек қолын созған. Енді өздері еккен өнімді жинауға кірісіп жатыр.

Дарина Горшкова, студент:

- Менің мамандығым тракторист-машинист. Осы поляда біз жұмыс істейміз. Бізге ақы төлейді. Мұнда жұмыс істеу өте қиын, бірақ құрбыларыммен қызық. Коллледжіде оқығандарымызды осы жерде үйренеміз.

Тәжірибе жинақтаудан өзге әр студентке күніне 2 мың теңге төленеді. Оған қоса өнім тегін беріледі.

Қайырғали Таудаев, оқытушы:

- Көктемде олар егу технологиясын меңгерген болса, қазір, ору жинау жұмыстарын үйреніп, осы жерде көптеген өздеріне мағұлмат алып жатыр. Жалпы, колледждің мақсаты біреу: ол саналы ұрпақ тәрибиелеу, және сапалы да білікті жас кадр даярлау.

Колледжде 200-ден астам студент бар. Олар 10 топқа бөлініп, дала жұмыстарына жіберіледі. Дуалді оқыту жүйесін дамытуға жергілікті биліктің қолдауымен 50-ге тарта шаруашылықпен келісім жасалған. Осылайша көзге түскен жас мамандар шаруашылықтарға жұмысқа орналаса алады. Авторлары: Арыстанбек Кенже, Айбек Байзақов, Жандос Рахметуллин