Атырау қаласының тұрғындарына су толық берілді

Кеше алғашқы аяз атыраулықтарды әбігерге салған еді.

Жайық өзені қатып, су тазарту қондырғылары істен шыққан. Мамандар 3 су тазарту қондырғысын мұздан толық тазартқан. Қазір «Атырау облысы Су Арнасы» мекемесінің су сору құрылғылары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Қысым да қалыпқа келген. Дегенмен бүгін бірінші ауысым оқушылары сабақты қашықтан оқиды.