Қарағанды облысында дәстүрлі дінімізді насихаттайтын түсіндіру тобы бар

Қарағанды облысында діни ахуалды сауықтыру жөнінде кешенді іс - жоспар әзірленіп бекітілген.

Өңірде құрамы 163 адамнан тұратын ақпараттық түсіндіру тобы жұмыс істейді. Олар қоғамның осал тобына жататын жастар арасында дәстүрлі дінімізді кеңінен насихаттайды. Өскелең ұрпақтың бойына сәлт-дәстүрлерімізді, рухани-адамгершілік құндылықтарымызды сіңіреді. Бұл жолғы кездесу олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат колледжінде өтті. Мамандар діни экстремизмге қарсы іс-қимыл, ел дамуының зайырлы қағидаттарын ілгерілету жөнінде атқарылған жұмыстар турасында әңгіме өрбітті. Өткен жылы екі жүз мыңдай адам қатысқан 5 мыңға тарта кездесулер мен жиындар өткізіліпті. Оның 33 мыңы жастарды қамтыған. Соңғы әлеуметтік зерттеулер облыста діни ахуалдың тұрақты екенін көрсетіп отыр. Бұл бағыттағы жұмыс әрі қарай да жалғаса береді.

Жанболат Сектай, Қарағанды облысы дін істері басқармасының басшысы:

- Бұл жерде біз қазір жаттықтырушылармен мұғалімдермен жұмыс жасаймыз. Себебі балалар бұл жерде тәулік бойы тұрады. Яғни балалардың тәрбиесі, оқуы барлығы осы кісілердің мойнында болғандықтан сол кісілердің осы өзіміздің саладағы заңнаманы жеткізу, дәстүрлі емес діни ағымдарға жастардың тартылмауы мәселелері соны жан-жақты талқылайтын боламыз.

Ерден Халилин, Ә.Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат колледжінің басшысы:

- Бұл сұрақ өзіміздің жиі бақылауымызда сондықтан әрқашанда бұндай сұрақтарды біз діни басқармамен бірге мына дін істері басқармасымен бірге қадағалауда ұстайтын боламыз. Негізі расында да иә бізге өзіміздің дәстүрлі дініміз, салт-дәстүріміз - деген сияқты өзіміздің ұлттық құндылықтарға сонымен қоса мынау патриоттық тәрбиеге көңілді көп бөлетін боламыз.