Құрылтайда көтерілетін мәселелер

Былтыр Түркістанда өткен ұлттық құрылтайда Президент еліміз үшін ерекше маңызға ие саяси ұйымның нақты міндеттерін атап көрсеткен болатын. 

«Біздің әлемдегі орнымыз, ең алдымен, ұлтымыздың сапасына байланысты болмақ. Қуатты ел боламыз десек, бірлесе отырып, бірқатар маңызды сауалға жауап беруге тиіспіз. Біз қолға алған саяси-экономикалық реформаларды қоғамдағы терең әлеуметтік-мәдени өзгерістермен қатар іске асыруымыз керек. Бұл – маңызды міндет», - деп атап көрсеткен болатын Мемлекет басшысы. Ертең Атырауда өтетін жиынға қатысушылар да осы ойды әрі қарай өрбітіп бүгінгі қоғамды алаңдатып отырған көкейкесті мәселелерді сарапақа салатын болады.

Бану Нұрғазиева, Қазақстан Азаматтық Альянсының президенті:

- Ұлттық құрылтайда ең өзекті халыққа маңызды мәселелер қаралады. Мысалы, 3 жылдың ішінде бірталай жұмыс осы ұлттық құрылтай арқылы істелінді. Сол Түркістандағы құрылтайдан кейін бірталай заттар өзгерді. Біріншіден заңдар қабылданды, екіншіден мәдениетке көңіл аударылып жатыр.

Тәттігүл Талаева, Ақтөбе облыстық қоғамдық кеңес төрайымы, Ұлттық құрылтай мүшесі:

- Құрылтайдың алаңы үлкен маңызды алаң деп санаймын неге десеңіз, осы алаңда өзіміз халықтың арасында жүргендіктен пікірімізді халықтың көзқарасы оның үнін жеткізе аламыз. Мен ойлаймын осындай ұлттық құрылтайлар бар да біз оның нәтижесін көреміз. Неге десеңіз, біз халықпен біргеміз.