Абай облысында көктемгі дала жұмыстары басталды

Биыл жеті жүз елу мың гектарға жем-шөп, бақша, дәнді және майлы дақылдар, көкөніс егу жоспарланған.

Егіс алқабы былтырға қарағанда жеті мың гектарға ұлғайған. Мамандардың айтуынша, жанар-жағармай қоры жеткілікті. Шаруалар үшін жеңілдікпен 9600 тонна дизель отыны қарастырылған. Сапалы тұқым және минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету мәселесі де оң шешімін тапқан.

Ертай Қуанбаев, Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Қазіргі уақытта бізде төрт тұқым шаруашылығы және бір элиталық шаруашылық жұмыс жасап тұр. 55 мың тонна қажетті тұқым қажетті тексеруден өткізілген. Шаруаларымыздың қолында дайын. Сонымен қатар биылғы жылы осы көктемгі дала жұмыстарына және сонымен қатар жаз айларында 52 мың тонна минералды тыңайтқыштарды енгізу жоспарлануда.