Су тасқыны: 2500-ден астам үй тексерілді

Қызыл судан зардап шеккен өңірлерде 2 жарым мыңнан астам тұрғын үй тексеріліп, олардың мың жарымына бағалау жүргізілді.

Нәтижесінде 800-ге жуық үйдің жөндеуге келетіні, ал 701 баспананың қалпына келтіруге жарамсыз екені анықталды. Қазір шамамен 200 отбасыға жөндеу жұмыстары үшін жалпы сомасы 218 млн 600 мың теңге өтемақы төленді. 33 отбасыға қираған үйдің орнына жаңа баспана мен пәтерлер берілді. Павлодар, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында тұрғын үйлердің құрылысы басталды. Бағалау және залалды өтеу бойынша тиісті жұмыстар жалғасуда.

Самат Оразғалиев, Бөрлі ауданы Ақсу ауылының тұрғыны:

- Анамның үйінің жарлары құлап, жарамсыз. Өзімнің үйімнің жарлары жарылған және тұруға қолайсыз деп ойлаймын. Енді оны эксперттер шешеді. Келді эксперттер, қарады. Жан-жақтан қолдау беріп жатыр бәрі.