Алматы облысында зәбір көрген балалардың анасы іздестіріліп жатыр

Алматы облысында азапталған балалардың анасы іздестіріліп жатыр.

Бұл туралы Білім басқармасының жауаптылары мәлімдеді.

Айта кетейік, тамыздың 17-сі күн Сарқан қаласының тұрғыны көрші үйдегі балаларды сыртынан бейкамераға түсіріп алған болатын. Онда жасөспірімге зорлық-зомбылық көрсетіліп жатқаны көрінеді. Әлеуметтік желіге тараған бейнежазбадан соң арнайы комиссия құрылып, тексеріс жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 14, 12, 9 және 7 жастағы жасөспірімдер анасының келісімімен өзге отбасыға қамқоршылыққа берілгені белгілі болды. Зәбір көрсеткен жігіт сол отбасының ұлы екені анықталды. Зәбір көрген балалар қазір облыс орталығына жеткізілген. 

Әлиям Молотова, Алматы облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

-Сарқан аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы бұл мәселені қарастырып, балаларды кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастыру туралы шешім шығарылды. Осыған сәйкес балалар осы орталыққа орналастырылған. Орталық қызметкерлері тарапынан педагогикалық-психологиялық қызмет көрсетілуде.